ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медициналық ғимараттардың тозығы шыққанын мәлімдеді. Бүгін аталған ведомствода кеңейтілген алқа мәжілісі өтіп жатқанын айта кетейік.
Елжан Біртановтың айтуынша, денсаулық сақтау саласындағы ғимараттардың 65 пайызы 1980 жылдары салынған және әбден ескірген.
"Біздің саладағы ғимараттардың көбі сексенінші жылдарға дейін салынған, олардың үлесі 65 пайызды құрайды. Әбден тозығы жеткен, технологиясы да ескірген. Оларға әрине, инвестиция қажет. Мемлекеттің қазір ақша бөлетін мүмкіндігі жоқ, бөлмеуі де керек, инфрақұрылымды толықтай жаңарту үшін жекеменшік инвесторлар, шетелдік инвесторлар тартылуы керек", - лелі министр.
Оның айтуынша, монопрофильді ауруханалар мен шағын емханаларды оңтайландыру керек. "Қазір бізде монопрофильді ауруханалар мен шағын емханалар көп. Егер оларды оңтайландырсақ, жұмысын әлдеқайда жақмартуға болады", - дейді Біртанов.