$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбеде тіс дәрігерін кепілдікке алған ер азаматтың көзі жойылды

Ақтөбеде ер азамат ажырасқан әйелімен жолығу үшін тіс дәрігерін кепілдікке алған. Оның бұрынғы әйелі сол тіс емханасында жұмыс істейді екен. Оқиға орнына жеткен арнайы жасақ өкілдері күдіктіні атып өлтірді деп жазады Tengrinews.kz.

Оқиға кешкі уақытта орын алғандықтан, емханада клиенттер болмаған. Куәгерлердің айтуынша, атыс болған аймақ түгел қоршалып, құқық қорғаушылар тікұшақпен де келіпті.

"14 наурыз күні сағат кешкі жетілер шамасында Ақтөбе полициясына белгісіз ер азаматтың тіс емханасында 1991 жылғы дәрігерді кепілдікке алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Күдікті оны өлтіруге оқталған. Өзімен бірге пышағы болған. Оқиға орнына жеткен полицейлер ер азаматтың 1993 жылғы жергілікті тұрғын екенін анықтады. Еш жерде жұмыс істемейді, 2016 жылы ұрлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған", - дейді Ақтөбе облыстық ІІД-нің өкілдері.

Күдікті бұрынғы әйелін шақыруды талап етіпті. Екеуі биыл 7 наурызда ажырасқан екен. Полицейлердің айтуынша, оқиға болардан 3 сағат бұрын күдікті бұрынғы әйелінің үйіне келіп, енесін пышақтап ауыр жаралапты.

"Ақтөбе облыстық ІІД басшылары, қалалық ІІБ, Ақтөбе прокурорлары күдіктімен 5 сағат бойы келіссөздер жүргізіп, кепілдегі дәрігер қызды босатпақ болды. Алайда, қылмыскер қызды босатудан бас тартты. Оқиға орнына жігіттің туыстары да келіп, райынан қайтуды сұрады. Алайда, ол ажырасқан әйелін алдыртуды талап етті, оны өлтіруге ниеттеніп жүргенін де жасырған жоқ. 5 сағатқа созылған келіссөздер нәтижесін бермегендіктен жәнекүдікті уақыт өткен сайын қауіп төндіре бастағандықтан тәртіп сақшылары кепілдіктегі адамды босату операциясын жүргізді. Табельді қаруды қолдану барысында қылмыскер өлтірілді. Кепілдегі қыз аман-есен босатылды. Оған қазір дәрігерлер мен психологтар көмектесуде", - дейді ішкі істер департаментінің қызметкерлері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары