23.04.2024, 17:20

Райымбек Баталов Бишімбаев ісіне қатысты мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Кәсіпкер үндеуін Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Кәсіпкер Райымбек Баталов Бишімбаев ісіне қатысты мәлімдеме жасады. Ол видеоүндеуді Instagram-дағы парақшасында жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Райымбек Баталовтың айтуынша, ол бұлай мәлімдеме жасауға мәжбүр болған.

"Достар, мен Бишімбаев ісіне қатысты сот процесі бойынша пікірімді білдіргім келмеген еді. Бірақ менің атымды кірлейтін сөздер мәлімдеме жасауыма мәжбүр етті. Сұмдық қылмыс жасады деп айыпталушының маған қатысты айтқан сөздері сандырақ. Бұған сенбеуді сұраймын, ал блогерлер мен БАҚ өкілдерін шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратпауын сұраймын. Салтанат Нүкенованың отбасы мен туыстарына көңіл айтамын", - деді ол.