$ 498.34  519.72  4.85

СҚО-да тағы 11 ауыл су астында қалуы мүмкін

Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеевка су қоймасындағы су көлемі 64 пайызға дейін артып кеткен. Енді тасқын су 11 ауылды алып кетуі мүмкін деп жазады Informburo.kz. Су деңгейі былтырғы жылмен салыстырғанда 1,5 есеге дейін көтеріліпті.

"Су қоймасының сыйымдылығы 693 млн текше метр. Қазір ондағы су көлемі 1 млрд 136 млн текше метрді құрап отыр. Тасқын су қазір Петропавл қаласына қарай жылжып келеді. Тоқтата алмасақ 2-3 күнде қалаға жетеді. Жолдағы 11 ауылды су басу қаупі бар", - дейді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.

Ғабит Мүсірепов ауданындағы Рузаевка ауылында жуырда ғана 235 үйді су шайып кеткен болатын. Қазір су тартылғанымен 13 үй әлі де болса жағдай мүшкіл.

"Өкінішке қарай, топырақтан салынған 7 үй тұтастай қирап қалған. Біз қазір олардың иелеріне қалай көмектесу керектігін шешіп жатырмыз", - дейді облыс әкімі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары