$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО-да 9-сынып оқушылары мұғалімнің үстінен прокурорға шағымданды

Оңтүстік Қазақстан облысы Атакент ауылындағы Сәтпаев атындағы мектептің 9-сынып оқушылары дене шынықтыру пәні мұғалімінің ұратынын айтып, облыстық бас прокурорына шағымданды. Өз арыздарын оқушылар Ибрагим Имановтың блогына жазып қалдырған.

Балалардың сөзіне сенсек, мұғалім оларды күшпен тәрбиелегісі келеді екен.

«Дене шынықтыру пәнінің Сәбит есімді мұғалімі бізге үйретудің орнына азаптап қинайды. Біз оның боксшы болғанын білеміз, бірақ біз "груша" емеспіз, біз шаршадық. Күні кеше 9-шы сынып оқушысы басынан жарақат алып ауруханаға түсті», - дейді шағымданушы оқушылар.

Облыстық бас прокуроры Ибрагим Иманов болса істің егжей-тегжейін Мақтарал ауданық прокуратурасы тексеретінін айтып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары