$ 447.4  477.55  4.76

Ақтөбеде белшеден суға батқан үйлерді жергілікті билік тұруға жарайды деп шешкен

Ақтөбе іргесіндегі Кривое деп аталатын сайжай алабының тұрғындары да тасқын судан айтарлықтай зардап шегіп отыр. "Диапазон" порталының хабарлауынша, елдімекен жанындағы көл арнасынан асып, үйлерді белшеден суға батырған.

Жергілікті тұрғын Жансая Аманжолованың айтуынша, апаттан келген зардаптың құнын есептеумен айналысып жатқан комиссия есепті дұрыс жүргізбей отырған көрінеді. Лай суға батқан оның үйін тексеріп келгендер баспананы "тұруға жарайды" деп бағалап, көмектесуден бас тартыпты.

"Менің үйім су астында қалды. Тасқын келгеннен бері мен балаларыммен ауруханада жаттым. Қазір емделіп боған соң бізді шығарды, балаларымды қайда алып барарымды білмей тұрмын. Белден су кешіп мына үйде тұрмаймыз ғой... Ары қарай не боларын білмеймін", - Жансая Аманжолова.

Толығырақ "Диапазон" порталының видеоматериалында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары