$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО-да Өзбекстан азаматы жеңгетайлықпен айналысқан

ОҚО ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының мамандары Сарыағаш пен Мақтарал аудандарында жеңгетайлықпен айналысудың үш дерегін анықтап, күдіктілерді ұстады. Бұл туралы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Рейдтік тексеру барысында полицейлер Сарыағаш ауданынан 1992 жылғы әйелді - Өзбекстан азаматын қолға түсірген. Ол моншада әкімгер қызметін атқарып келіпті. Негізгі қызметінен бөлек күдікті клиенттерге жезөкше қыздар әкеп берумен де айналысқан. Оны тінту кезінде келушілерден алған ақшалары тәркіленіп алынды. Сондай-ақ, осы саунада жұмыс істеген 10 қызды тәртіп сақшылары тіркеуге алып, олардың тұрғылықты жерлерін анықтауда.

Құқық қорғаушылар Мақтарал ауданында да жеңгетайлықпен айналысқан бір әйелді анықтады. 1972 жылғы Шымкент тұрғыны аудан орталығындағы саунада әкімгер болып жұмыс істеген. Ол да клиенттерге жеңіл жүрісті қыздар әкеп беріп, сол қызметі үшін ақша алып отырыпты.

ОҚО Ішкі істер департаменті жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысында жеңгетайлықтың 20 дерегі тіркелгенін айтып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары