$ 498.34  519.72  4.85

Петропавлда 122 үй су астына кетті

Петропавлда бір түннің ішінде Есіл өзеніндегі су деңгейі көтеріліп кеткен. Судың деңгей соңғы 23 жылдағы көрсеткіштен асып тұр деп жазады Tengrinews.kz.

Cу астында қалған үйлердің басым бөлігі Былғары зауыты ықшамауданында екен. Онда 115 үй су астында қалған. "Қазір су терезелерге жетіп тұр, су астында қалдық. Заттар мен құжаттарды шығардық", - деді ықшамауданның тұрғыны Андрей Генне. Қазіргі уақытта 215 адам эвакуацияланған.

"2017 жылдың 25 сәуірінде сағат 09:00-ден бері Былғары зауыты ықшамауданында қорғаныс бөгетін көтеру мен оны нығайту бойынша инженерлік жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бөгеттің биіктігі - 1,5 метр, енді оның биіктігін 2,5 метрге дейін көтеру жоспарланып отыр. Инженерлік жұмыстарды жүргізуге 14 дана техника мен 24 адам жұмылдырылды. Жұмыстар жалғасып жатыр", - деді Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.

Ықшамауданның тұрғындары күні бойы үйдегі тұрмыстық техниканы шығарып жатыр, оларға құтқарушылар да көмектесіп жатыр екен. Жедел жәрдем қызметі кезекшілікте. Оқиға орнына облыс әкімі Құмар Ақсақалов та барды.

"Соңғы тәуліктерде Есіл өзеніндегі су деңгейі көтерілді. 3 күнде су деңгейі 1 метр 70 сантиметрден асты", - деді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов. Сондай-ақ, ол судың Былғары зауыты аумағына дейін әлі де барып жатқанын айтып өтті. Оның айтуынша, бүгін су деңгейі 50 сантиметрге дейін көтеріледі деп болжанып отыр.

"Қазір негізгі тапсырма - адамдарды эвакуациялау. Ескі бөгеттерді қайта салып жатырмыз. Бөгеттер 1,7 шақырымға дейін созылған. Су кеткен соң онда комиссия жұмыс істейді. Үйлерге қандай да бір материалдық шығын келтірілсе, ол міндетті түрде өтелетін болады", - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, Заречный ауылында 3 үйғ ал Перминовтар көшесінде 4 үй су астында қалды. Осылайша Петропавлда 122 үйді су басты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары