$ 498.34  519.72  4.85

1 апта бұрын жоғалып кеткен теміртаулық қыздың өлі денесі табылды

Осыдан 1 апта бұрын Теміртауда жоғалып кеткен 14 жасар жеткіншек қыздың өлі денесі табылды деп жазады Tengrinews.kz. Ангелина Вальтер ойнап жүріп Нұра өзеніне құлап кеткен. Оны құтқарушылар 29-нан бері іздеген болатын.

Ангелинаны құтқарушылар мен ерікті азаматтар бір апта бойы іздеді. Барлығы 50-ден астам адам Нұра өзенінің жағалауы мен судың астын шолып шыққан. Тіпті, ТЖД сұрауы бойынша Самарқан су қоймасынан жіберілетін су бөгеліп, Нұраның деңгейі төмендетілген. Алайда, тек бүгін ғана жеткіншектің өлі денесін мамандар өзеннен тауып, алып шыға алды.

Қалалық Теміртау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Арман Алпысбаев мәйіттің оқиға болған жерден 1,5-2 шақырым қашықтықтан табылғанын айтып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары