01.07.2017, 03:53

Зымыран сынығының құлауы салдарынан зардап шеккен жезқазғандық қайтыс болды

Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшқан «Союз 2.1а» зымыран тасығышының бөлінген бөлшектері құлауы салдарынан шыққан өртті сөндіру кезінде зардап шеккен ресейлік «Машина жасау ҒӨБ» кәсіпорының 49 жастағы қызметкері Вячеслав Тыцтың қайтыс болуына байланысты Мақажанов атындағы ортопедия және травмотология орталығының қызметкері Хафиза Макажанова пікір білдірді деп жазады ҚазАқпарат.

«Өкінішке орай Вячеслав Тыцты аман алып қалу мүмкін болмады. Оның жарақаты өте ауыр болды, ол бүгін көз жұмды. Термикалық жарақат бұлшықеттерді зақымдаған», - деді Хафиза Макажанова.

Айта кетейік, біз бұған дейін Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшқан «Союз 2.1а» зымыран тасығышының бөлінген бөлшектері құлауы салдарынан шыққан өртті сөндіру кезінде зардап шеккен Вячеслав Тыц көз жұмғандығы туралы хабарлаған болатынбыз.