$ 498.34  519.72  4.85

Фармация комитетінің қызметкерлері бірнеше рет пара алғаны үшін ұсталды

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының мамандары ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Фармация комитетінің бірнеше қызметкерін пара алғаны үшін ұстады. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

"Ағымдағы жылдың 3 шілдесі күні ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті төрағасының міндетін атқарушы Л.Ю.Пак, Павлодар облысы бойынша Фармация департаментінің басшысы З.Ш.Қажинова, Фармация комитетінің ОҚО бойынша бас маманы П.Т.Имамходжаев және Фармация комитетінің бас маманы Д.К.Ибраева жалпы көлемі 10 миллион теңге пара алғаны үшін ұсталды. Олар параны бірнеше рет алған", - делінген аталған хабарламада.

Бұл ақша үшін аталған мамандар өндірістік және дистрибьютерлік тәжірибеге сертификат берумен айналысыпты.

"Пара бергені үшін "Зерде" ЖШС-нің атқарушы директоры Э.М.Жүзбаева да ұсталды. Сонымен қатар, аталған лауазым иелері пара алғаны үшін ғана емес, кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында берілетін медициналық препараттардың құнын қолдан өсіру арқылы бюджет қаражатын жымқырғандары үшін де күдікке ілініп отыр", - дейді Ұлттық бюро өкілдері.

Сот санкциясымен Пак, Қажинова, Имамходжаев және Жүзбаева қамауға алынса, Ибравеа үйқамақта отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары