$ 447.4  477.55  4.76

Қостанайда жоғалып кеткен 2 баланың анасы өлі табылды

Қостанайда осыдан екі апта бұрын жоғалып кеткен Гүлнар Молдашеваның өлі денесі табылды деп жазады Alau.kz. Оның ағашқа асылып қалған мәйітін полицейлер тауып алған.

Марқұмның артында екі баласы қалды. Ал, оның туыстары болса әйелдің суицид жасауы мүмкін емес дегенді айтып отыр.

"Оның өзіне қол жұмсауы мүмкін емес. Артында екі баласы бар, өзінің де жауапкершілігі жоғары адам болатын. Ол өзінің сөмкесінің бауына отырған күйде асылып қалған. Оны бірлеулердің өлтіріп кеткеніне сенімдіміз", - дейді марқұмның әпкесі Жанар Байболова.

Еске салайық, Гүлнар Молдашева биыл 1 қыркүйек күні із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Оны полицейлермен бірге еріктілер де іздеді. Қазір полицейлер "Кісі өлтіру" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, өлімнің мән-жайын анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары