$ 443.85  474.3  4.8

Алматыда тоңазытқыштан мәйіті табылған сәбилерді атасы Ташкентте жерлемекші

Алматыда егіз сәбилерді тұншықтырып өлтіріп, мәйіттерін тоңазытқышқа салып тастады деп айыпталған күдікті - 29 жастағы Өзбекстан азаматы Эмиль Гильмутдиновтың әкесі немерелерін Ташкентке апарып жерлемекші. Бұл туралы Informburo.kz порталы мәлімдеп отыр.

Жантүршігерлік жаңалықты Салават Гильмутдинов күні кеше түнде естіпті. Ол осыдан 10 күн бұрын ұлымен жолығыпты. Алайда, оның ақылынан ешқандай ауытқушылықты байқамағанын айтып отыр.

"Ұлым 4 қыркүйекте бір күн үйде болды. Көші-қон қызметіне барып белгіленіп келді, өз шаруаларымен айналыты. Үйде қонып, 5 қыркүйек күні екі сөмкеге заттарын салып Алматыға кетті, біз оны шығарып алдық. Барлығы қалыпты еді, тіпті не айтарымды білмей тұрмын. Енді сәбилерді мәйітханадан алып, Ташкентке әкеліп жерлеймін. Ал, үлкені Равильді өз қамқорлығыма аламын. Бірақ мен әйеліммен үш жыл бұрын ажырасқанбыз", - деді Салават Гильмутдинов.

Оның айтуынша, балаларды Эмиль өлтірмеген болуы мүмкін. Қылмысты азаматтық некедегі әйелі жасаған дейді күдіктінің әкесі.

"Ол қаншалықты мас болса да мұндай ауыр қылмысты жасамайды. Мұны тек Алла жасаған болуы мүмкін. Ал, менің ұлым тек қылмысты мойнына алып кете барған. Оның ешқандай ауытқушылығы жоқ. 2009 жылы 12 ай бойы Ресейде жұмыс істеді, барлық медициналық тексеруден өтті. Денсаулығы қалыпты. Сол уақыттан бері полициямен де ісі болмаған", - дейді күдіктінің әкесі.

Еске салайық, сөмкеге салынған сәбилердің мәйіті 11 қыркүйек күні Алматыдағы жалдамалы пәтерлердің бірінен табылған болатын. Тергеу мәліметіне сүйенсек, балаларды жылай бергендіктен тұншықтырып өлтірген. Қазір күдікті қамауда. Полиция егіздердің анасын да қамауға алып тергеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары