$ 444.32  473.33  4.76

Депутат Владимир Божко ауыл жастарының қалаға келуіне шектеу қою керектігін айтты

Мәжіліс депутаты Владимир Божко Астанадағы "Абу-Даби Плаза" кешенінде болған қазақтар мен үнділер арасындағы төбелесті ауылдан келген жастардың өршітіп жібергенін айтып отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz порталы жазды.

"Виртуалды кеңістікте зұлымдықтың, экстремизм мен радикализмнің, өтіріктің тілі басымдық алып отыр. Мәселен, "Абу-Даби Плаза" кешенінде болған жағдай бізді ойландырып қойды. Әрине, бұл жағдай ІІМ, ҰҚК өкілдері мен Астана әкімдігінің дер кезінде әрекет етіп, уақытылы ақпарат таратып отыруының арқасында ауыздықталды. Бірақ, осымен қатар әлеуметтік желілерде ойдан құралған жалған ақпарат тартып, жағдайды ушықтырғысы келетіндер саны көп болды. Бұл ақпараттарға ауылдан қалаға жұмыс істеуге келген жастар бірінші болып үн қатты", - деді Мәжілістің вице-спикері Владимир Божко бүгінгі Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, дәл осындай оқиға осыдан бірнеше жыл бұрын Астанадағы "Артем" базарында да орын алған болатын. Ол кезде бір әйелдің жалған ақпаратының соңы жаппай төбелеске ұласқан болатын.

"Бұл жағдайлар бізге алдын алу керектігін көрсетіп отыр. Ең алдымен ауылдан қалаға келіп жатқан жастардың санына шектеу қою керек. Жастардың қалаға келуіне себеп болып отырған ауылдағы жұмыссыздықты жою керек ең алдымен. Ауыл жастары лайықты өмір сүруі үшін олар жұмыспен, баспанамен, заманауи әлеуметтік-мәдени инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі керек", - дейді В.Божко.

Еске салайық, 2 қыркүйек күні Астанадағы "Абу-Даби Плаза" кешенінде үнділер мен қазақ жұмысшыларының арасында төбелес болып, екі адам жараланған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары