$ 449.58  486.94  4.86

Оралда 9-сынып оқушысы сыныптасын абайсызда атып өлтірді

20 қазан күні кешкі сағат алтылар шамасында Оралдың іргесіндегі Деркөл ауылында қайғылы жағдай орын алды. Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, №12 мектептің 9 сынып оқушысы өз сыныптасын абайсызда атып өлтірген.

Мектеп директоры Күләш Хайранованың айтуынша, бұл күні екі оқушы да мектепте сабақта болған. Сабақ біткен соң үш бала болып ауылға жақын орналасқан көлден балық ауламақ болыпты. Әзірге, екі оқушының арасында не болғаны белгісіз. Мұғалімдер ол екеуін де үлгілі оқушылардың қатарында болғанын айтуда.

Орал қалалық Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Динара Әдіхалықованың айтуынша, оқ аңшы мылтығынан атылған. "Жасөспірім облыстық клиникалық ауруханада көз жұмды", - деді ол.

Қазір бұл жайтты полицейлер қайғылы жағдай деп бағалап отыр. Дегенмен, істің мән-жайы әлі де болса тексерілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары