$ 448.15  483.46  4.86

Атыраулық полицей көлігімен екі адамды қағып кетті

Атырау облысының Мақат ауданында учаскелік полицей қызметтік көлігімен келе жатып, жолдың рұқсат етілмеген бөлігінен өтіп бара жатқан екі адамды қағып кетті деп жазады "Мой Город" басылымы.

Оқиға 22 қазанға қараған түні Мақат ауылында орын алған. Жараланғандар ауруханаға жеткізілді.

"Мақат ауылында учаскелік полицей түнде жұмысынан үйіне өзінің қызметтік көлігімен қайтып келе жатқан. Ол жолдың рұқсат етілмеген бөлігінен жүгіріп өтпек болған екі адамды қағып кетті. Жараланғанддар аудандық ауруханаға жеткізілді, олардың жағдайы тұрақты", - делінген Атырау облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінде.

Жараланған екеу жергілікті 30 және 31 жастағы тұрғындар болып шықты. Бұл жайтқа байланысты қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ішкі істер департаментінде ішкі тексеру жұмыстары да басталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары