$ 448.89  477.93  4.76

Астанада жол көлік оқиғаларының саны 16,9%-ға төмендеді

Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметі жол-көлік оқиғаларын төмендету үшін жол қозғалысына қатысатын барлық қатысушылардың көлік тәртібін жоғарылату мақсатында тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар өткізіп тұрады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Іс-шара барысында масаң күйде көлікті басқарып көшені қиып өткен жағдайларға, бекітілген жылдамдықтан көрсеткішті асырғандарға, басып озу ережесі, қарама қарсы жол айрығына түсіп қалу, жолдан орағыту, қиылыстар мен жаяу жол жүргіншілерді кесіп өту, қауіпсіздік белгісін тақпау, ұялы байланыспен сөйлесу және т.б. құқық бұзушылықтарға баса мән беріледі.

Қолданылған іс-шараның нәтижесінде астанада жол-көлік оқиғасы (ЖКО) 16,9% (539-дан 448-ге дейін) төмендеген, зардап шеккендер саны 19,5% (599-дан 482-ге дейін) жеткен.

Жыл басынан бері 9 айдың ішінде 142 700 ЖКО анықталды, оның ішінде жүргізушілердің кінәсінен 129 000 бұзушылық, жылдамдықты асырғандар – 9800 бұзушылық, көлік апатын жасағандар саны – 445, қауіпсіздік белгісін тақпау – 11 300, бағдаршамның тыйым белгісін кесіп өту – 3000, көлік жүргізіп келе жатып ұялы байланыспен сөйлесу – 9700-ден астам. Тыйым салынған жаяу жүргіншілер жолынан өткені үшін 13 300 оқиға  әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары