$ 444.22  476.38  4.82

ОҚО-да шенді полицей араққа тойып, түнде тұрғынның үйіне басып кірген

Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында Ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары жергілікті тұрғынның үйіне түнгі уақытта мас болып келіп, отағасының денесіне пышақ жарақатын салған. Мұны ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова да растап отыр.

Оқиға осыдан бірнеше күн бұрын орын алған. Жәбірленуші аудандық полицияға арызданғанда, оның арызын қабылдаудан бас тартқан көрінеді. Бұл туралы оның өзі Instagram әлеуметтік желісінде мәлімдеді. Айтуынша, ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары Олжас Амандықов мас күйде көлікпен келіп, оны және оның әпкесін пышақпен жаралапты.

Салтанат Қаракөзова бұл жайттың орын алғанын растап, Амандықовтың үстінен екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

"Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Өзіндік қауіпсіздік қызметіндегілер қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары