$ 444.22  476.38  4.82

Қарағандыда шенеуніктер жергілікті тұрғынға ұрланған көлік сатқан

Қарағанды қалалық соты астаналық шенеуніктерден электронды мемлекеттік сатып алу арқылы сатып алынған, ұрланған джип көлігіне қатысты істі қараудан бас тартты. Сөйтіп, істі Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотына жолдады деп жазады ҚазАқпарат.

Қылмыстық істің материалдары бойынша, осыдан бірнеше жыл бұрын Ақтөбеде ұрланған жол талғамайтын 2006 жылғы Toyota Land Cruiser Prado көлігі ресми түрде электронды саудаға шығарылған. Ұрланған көліктің мемлекеттік мүліктердің тізіміне қалай кіріп кеткенін полиция қызметкерлері анықтауда.

Алғаш рет аталмыш көлік Ақтөбе облысында мемлекеттің теңгеріміне енгізілген. Оны Ақтөбе облыстық сот актілерін орындау жөніндегі өңірлік департаменті қабылдаған. Бұдан соң көлік Астана қалалық сот актілерін орындау департаментіне, кейін Астананың әділет департаментіне берілген.

Биылғы жылы көлік тізімнен шығарылып, электронды саудаға қойылған. Қарағанды тұрғыны оны 2017 жылдың 18 сәуірі күні 4 млн 762 мың 665 теңгеге сатып алған.

Айта кетейік, ұрланғаны белгілі болған Toyota Land Cruiser Prado көлігін электронды саудадан сатып алған Қарағанды тұрғыны оған кеткен шығынды қайтарып алғысы келеді. Сондай-ақ ол өзінің шенеуніктердің кесірінен осындай жағдайға тап болғаны үшін өтемақы талап етпек. Ол көлікке жұмсаған 4 млн 762 мың 665 теңгені қайтарып, 476 мың 266 теңге уақытқа кеткен шығынды, 100 000 теңге моральдық шығын үшін өтемақы талап етіп, өзге де шығындар үшін 264 465 теңге алуды көздеп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары