$ 442.05  474.14  4.74

Алматыда 10 мыңға жуық көлікке арналған автотұрақ салу ұсынылды

Бүгін Алматыда «Алматы СпецТехПаркинг Сервис» компаниясының ұйымдастыруымен, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен заманауи мегаполистердің көлік инфрақұрылымын ұйымдастыру бойынша сарапшы Михаил Блинкинмен кездесу өтті.

Кездесуге Алматы қаласының автомобиль жолдары жолаушылар көлігі басқармасы, «Алматы қаласының даму орталығы», Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамы, Алматы қаласы Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция бөлімі,  Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы бөлімі, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы қоғамдық кеңес, Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Сараптама кеңесі қатысты.

Аталмыш жиында Алматыда он мыңға жуық автотұрақ орналастыруға болатыны сөз болды. Бұл ұсынысты ресейлік құрылысшы, заманауи мегаполистердің көлік инфрақұрылымын ұйымдастыру бойынша сарапшы Михаил Блинкин айтты.

Сарапшы көлік инфрақұрылымының мәселелерін шешуде әлем елдерінің тәжірибесін бөлісу үшін Алматыға келгенін айтып отыр.

– Тиімді автотұрақ классикалық тұрақ функциясының мағынасын білдіреді. Ашық далада метро станциясы немесе қалалық теміржол терминалы бар, үлкен тегін автотұрақ салынады. Автомобильдердегі барлық адамдар электр қуатымен жүретін көліктерге көшеді, - деді сарапшы Михаил Блинкин.

Сонымен бірге сарапшы қоғамдық көлікте орындар болуы керек деп кеңес береді.

– Екінші мәселе – қаланың жоспары туралы жақсы білмеймін, бірақ автокөлік станциясының маңында бос жерді таба алмаймын деп ойлаймын. Он мыңдаған көлікті орналастыра алатын автотұрақ салу керек, бірақ одан қарағанда метро станцияларын салу тиімдірек болады. Бірақ бұл да көлік кептелісі проблемасын шешпейді, - деді ол.

Кездесуге қатысушылар Блинкиннен қала маңындағы автокөліктердің салдарынан туындаған қоғам мәселесін қалай шешуге болатынын сұрады.

– Мен инженер ретінде мегаполистің поездары мен автобустарына мінуді міндеттеу керек деп есептеймін. Оның үстіне ертең жұрттың бәрі электромобильдерге міне бастайды. Алматыға бәрібір 10 мың автокөлікке арналған тұрақ қажет. Ол үшін 4 гектар жер қажет, - деп кеңес берді сарапшы.

Сонымен, аталмыш кездесуде автомобильге тәуелді қалалардың негізгі мәселелері, заманауи мегаполистерде көлік жүйелерін ұйымдастыру принциптері мен механизмдері, жол қозғалысын оңтайландыру кезінде жергілікті билік органдарының мемлекеттік мекемелермен өзара қарым-қатынасы, ірі қалаларда автотұрақ жүргізу, автокөлікті ұйымдастырудың тиімді әдісі және оларды қаладағы жол-көлік жүйесін оңтайландыру үшін оларды қолданудың тиімділігі талқыланды.

Ақбота Мұсабекқызы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары