$ 494.87  520.65  4.91

ҰҚК: Сирия мен Иракта 400-ден астам қазақстандық бала бар

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сирия мен Иракта жүрген қазақстандық бала санын атады. Камитет төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбековтің айтуынша, қазір соғыс жерінде 16 жасқа дейінгі 390 бала бар. Олардың 214-і ұл, 176-сы қыз бала, деп жазады Sputnik.

«Бұл мәлімет нақты болмауы да мүмкін. Біз бұл балалардың бәрі тірі деп те нақты айта алмаймыз. Ол жақта біздің елшілігіміз жоқ. Билік өкілдері де жағдайды бақыламайды. Бірақ тексеруге тырысамыз», – дейді Білісбеков.

“Қазіргі уақытта Қазақстанға 63 бала қайтарылғалы жатыр. Тағы 50 бала елге оралады. Бұл оңай жұмыс емес», – деді төраға орынбасары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары