$ 441.66  475.14  4.86

Ақтөбеде автобус жүргізушісі жолаушыны боқтап тастады (ВИДЕО)

Ақтөбеде автобус жүргізушісі жолаушыға аузына келген балағат сөздерді айтқан. Қоғамдық көлік ішіндегі басқа жолаушылардың бірі оқиғаны телефонға түсіріп, Instagram-дағы aktobe_zello парақшасына жіберген. 

Куәгер оқиғаның Ақтөбе қаласында бүгін орын алғанын айтқан.
Ал, жолаушылар болса, әдептен асқан мұндай жүргізушілердің қаладағы қоғамдық көліктерде көптеп кездесетінін айтады. 

«Дәл осы 15 автобус кондукторының қашан көрсең қабағы ашылмайды. Өткенде сол кондуктордың бір баланы байқамай қолымен қағып кеткені үшін өлтіріп ұрғанын көргенмін», «Масқара, анасындай адамға солай айтуға ұялмай ма екен», – дейді пікір білдірген желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары