$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО-да анасы өлімші етіп сабап тастаған бала есін жиды

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Оңтүстәк Қазақстан облысының Қарабұлақ ауылында тұратын әйел өзінің 6 жасар баласын өлімші етіп сабап тастаған болатын. Алған ауыр дене жарақаттары салдарынан 1-сынып оқушысы ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізіліпті. Сайрам аудандық әкімдігінің баспасөз хатшысы Дәурен Дүйсебаевтың айтуынша, қазір бала есін жиған.

"Қарабұлақ ауылының аудандық ауруханасына Сайрам ауданының 6 жасар тұрғыны келіп түсті. Жедел-тергеу тобы 9 желтоқсанда шамамен сағат 23.00-де 1981 жылғы әйелдің бала үй жұмысын істеп жатқанда оған ашуланып, баласын ұрып-соққанын анықтады. Алған жарақаттардан бала аудандық ауруханаға түскен", - деді Д.Дүйсебаев.

Қазіргі таңда полицейлер күдікті әйелді ұстап, оны қамауға алды. Безбүйрек ананың не үшін мұндай қадамға барғаны анықталуда. ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабымен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары