$ 498.34  519.72  4.85

Бауыржан Байбек жол салған құрылысшыларға алғысын айтты

Алматыда Хмельницкий көшесін Майлин көшесінен «Жас қанат» ықшам ауданына дейін үңгілеу аяқталды. Алматы әкімі жұмыс сапары барысында жедел дамып келде жатқан елді мекенді қамтитын көлік инфрақұрылымын қарап шықты деп мәлімдеді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматы әкімі әлемдік күрделі экономикалық жағдайда мемлекеттің инфрақұрылымды дамытуға қаржы бөлгенін атап өтті. Ұзындығы 1,1 шақырым болатын жаңа жол салу 2016 жылдың маусымында басталған еді. Жұмыс барысында 400-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды, мердігер компания қала бюджетіне 400 млн. теңге салық төледі, ал елді мекен тұрғындары жаңа жолға ие болды.

«Ел Президенті айтқандай, түрлі қоғамның қозғаушы күші адам еңбегі болып табылады, сондықтан «еңбек адамы» атану үлкен құрмет. Сіздердің алып қолдарыңызбен үй салынуда, жол жасалуда, өндіріс өркендеуде. Бұл- қиындығы мен қаупі мол қиын жұмыс, бірақ киелі, өйткені осы еңбек арқылы мемлекет дамып, өркен жаяды», - деп жұмысшыларға алғыс білдірді Бауыржан Байбек.

Жақын маңда орналасқан мектеп оқушылары да Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында жақсы сыйлық жасағандарға алғыстарын айтты.

«Бұрын біз аяғымызға резеңке етік киіп алып батпақ пен суды кешіп өтіп, мектепке немесе емханаға бару үшін айналып жүретінбіз. Енді жүру жеңіл әрі қолайлы, кешке қарай қорқынышты емес, жол жарықпен қамтылған», - деді балалар.

Айта кетерлігі,Хмельницкий көшесін тесіп, үңгілеудің мәні зор, өйткені «Жас қанат» ықшам ауданында тұратын 11 мыңға жуық адамды көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етеді. Екі көпір құрылысы аяқталды, төрт жолақты қозғалыс бөлігі пайда болды, оның екі жағына арық жүйесі жасалды, жарық көздері орнатылды,тротуарлар абаттандырылды, автобус қатынасы реттелді. Келер жылы «Жас қанат» ықшам ауданының көшелері жөнделеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары