$ 444.22  476.38  4.82

Алматыда журналистер «Сананың ашықтығы» форумында бас қосты

Бұқаралық ақпарат құралдарының бүгіні мен болашағын талқыға салатын мәртебелі жиындар Алматыда жалғасып жатыр. Бүгін Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен «Сананың ашықтығы» атты медиа форум өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Халықаралық дәрежеде болған бас қосуға  қаламы енді ұшталып келе жатқан тілшіден бастап,  майталман мамандарға дейін қатысты. Оған қоса, алыс-жақын елдерден саланы зерттеп-зерделеп жүрген журналистер келді. Отандық журналистикада күйіп тұрған мәселенің бірі-оның мәртебесін айқындап беру дейді аға буын. Сонда ғана «арқалағаны алтын, жегені жантақ» тілшінің тіршілігі түзелмек.  

«Журналистің мәртебесін анықтау деген ол осы заңға енгізілетін  түзетулердің ішінде болуы керек еді. Сонымен бірге, журналистің әлеуметтік жағдайын көздейтін, мәртебесі айқындалса Ол, қай санатқа жатады? Ол мемлекеттік қызметкердің санатына жатпайды. Бюджет қызметкерінің санатына жатпайды. Соның кесірінен үй алу мәселесі, баспана кезегінде тұру мәселесі үлкен әлеуметтік проблемаға айналып отыр», - деді  ҚР журналистер академиясының академигі Нұртөре ЖҮСІП.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының биыл сәуір айында жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы қоғамда жан-жақты талқыланып жатыр. Елбасының бұған дейінгі жолдаулары, бағдарламалары түгел ел экономикасын тіктеуге бағытталған болса, бұл жолғы еңбегі қоғамдық сананы жаңғыртуға, идеологияны реттеуге бағытталып отыр.

«Рухани жаңғыру» идеясының тағы бір ерекшелігі, бұған дейінгі бағдарламаларды Президент үкіметтің мойнына артып келген болса, бұл жолғысын бүкіл қоғам болып жұмыла атқаруымыз керек. Өйткені, сананы жаңғыртуды әрбір қазақстандық өзінен бастайды. Ал, үкімет тарапынан ұйымдастырылатын шаралар тек осынау процесті жылдамдатпақ.

Қазіргі таңда осы бағдарлама аясында еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі шаралар өтіп жатыр. Олардың қатарында қарапайым концерттерден бастап, дәстүрімізді бен тарихымызды жаңғыртуға бағытталған рухани кештер, көрмелер мен түрлі байқаулар, қайырымдылық шаралары өтуде. Бүгінгі өткен медиа-форум осы шаралар тізбегінің жалғасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары