$ 474.72  515.17  5.58

Әуезов ауданында «Елін сүйген Елбасы» тақырыбында жиын өтті

ҚР Тұңғыш Президент күніне орай Алматы қаласының мүмкіндігі шектеулі жандары «Елін сүйген Елбасы» тақырыбында мерекелік жиын өткізді. Іс-шара Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асыру аясында іске асып отыр. Жиынды Алматы қаласы Әуезов аудандық әкімдігі ұйымдастырған.

Іс-шара барысында, жиналған қауым назарына, еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың өмірбаяны жайлы ақпарат беріліп, слайд көрсетілді. 

Мекеме директоры Лязат Закирбаева іс-шараға қатысушыларды Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, мерекенің әрбір Қазақстандық үшін маңыздылығын атап өтті. Бұл тәуелсіз Қазақстанда өткен бүкілхалықтық президенттік сайлаудың күні. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан үшін тағдырлы күндерде алғаш рет сайлау өткізілді, оның барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Тұңғыш Президент сайлауда қатысқан сайлаушылар дауыстарының 98,78 пайызын алды. Осы жеңіс Қазақстан халқының жоғары сенімділік пен бір мезгілде жауапты таңдауының белгісі болды. Бұл сондай-ақ жаңа саяси жүйедегі басты лауазым – Президент лауазымындағы өкілеттіктің көрсеткіші. Сондықтан 1-желтоқсан біздің еліміздің тарихында мәңгі қалады, сондықтан біз оны Тұңғыш Президент Күні ретінде атап отырмыз. 

Қазіргі таңда Қазақстанды халықаралық қоғамдастықтың заманауи демократиялық мемлекет ретінде таниды. Мемлекет азаматтардың үйлесімді және жан-жақты дамуы, олардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу, этносаралық келісімді сақтау және азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін құқықтық және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасады. 

Жиналған қонақтарды орталықта қызмет алушы Мұрат Нұрмұхамед «Елім менің» атты ән шашуын жолдап, мерекемен құттықтады. Сондай-ақ іс-шара соңында қонақтар назарына «Путь лидера «Огненная река» атты деректі фильм көрсетілді.

Айта кетейік, әр жылдың 1 желтоқсаны елімізде ҚР Тұңғыш Президент күні етіп бекітілген. Айтулы мерекені қазір еліміздің барлық өңірінде атап өтіп жатыр. Айтулы күн аясында Елбасының өміріне қатысты көрмелер ұйымдастырылып, Президент туралы фильмдер көрсетілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары