29.12.2017, 06:30

Нью-Йоркте алапат өрт болып бірнеше адам қаза тапты

Нью-Йоркте алапат өрт болып, 12 адам қаза тапты. Олардың ішінде балалар да бар. Бұл туралы қала мэрі Билл Де Блазио оқиға орнында болған баспасөз-конференциясы барысында мәлімдеді деп жазады РИА Новости.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, қаза тапқан адамдардың саны өсіп жатыр. Қала мэрі дәл қазір 4 адамның аухуханада ауыр жағдайда екенін айтты.

Қалалық Өрт департаментінің басшысы Дэниэла Найгро өрттен қаза тапқан балалардың ең кішкентайы 1 жаста, ал ең үлкені 50 жастан асқанын айтты.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, өрт бес қабатты үйде шамамен кешкі сағат 7-де басталған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 3 минутта жетіп, 150-ден аса адамды құтқарған. "Қаза тапқан тұрғындар түрлі қабатта тұратын адамдар", – деді Найгро.

Осы орайда қала мэрі Билл Де Блазио тілсіз жаудың 25 жылда болған ең сұмдық өрт екенін айтты.