$ 498.34  519.72  4.85

Иранда наразылық шерулері өтті (ВИДЕО)

Керманшахтағы наразылық акциясына 300 адам қатысты деп хабарлады. Наразылар түрмеден саяси тұтқындарды босатуды талап етіп, "Бостандық немесе өлім" деп ұрандаған деп  жазады Азаттық.

Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда Керманшах қаласының орталық алаңына жиналған адамдардың "Диктаторға өлім келсін!" деп ұрандап тұрғанын байқауға болады. Сонымен бірге наразылар "Халық кедейшілікте өмір сүріп жатыр, ал басшы Аллаға ұқсағысы кеп отыр" деп сын айтқан. Демонстранттар билікті сынаған сөздерінде Иранның рухани жетекшісі аятолла Әли Хаменеидің де, Иран президенті Хассан Роуханидың да аты-жөндерін атаған жоқ.

Иранның Решт, Казвин, Қом және Исфахан қалаларында да наразылық акциялары болғаны туралы хабарланды.

Бейсенбіде үш миллионға жуық тұрғыны бар Мешхед қаласында жүздеген адам көшеге шығып, бағаның қымбаттауына наразылық білдірген. Экономикалық проблемаларды айтумен басталған акция барысында үкіметке қарсы талаптар айтылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары