Пәтер ішінде құлыпталып қалған ер азамат, 4 қабаттан терезе арқылы жерге түсем деп құлап кеткен. Келеңсіз жағдай Айбергенов көшесіндегі жалдамалы пәтерлердің бірінде күндізгі уақытта тіркелді деп мәлімдеді TVK арнасы.
Жерде қимылсыз жатқан ер азаматты байқаған куәгерлер дереу 102 ге хабар берген. Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер, ер азаматтың 1965 жылғы екендігін анықтады. Сонымен қатар, ер адамның қалтасынан мүмкіндігі шектеулі екендігін айғақтайтын құжаттар шыққан. Белгілі болғандай, ол тағы бір ер азаматпен бірге пәтерді жалға алған екен.
Жалға алынған пәтерде ішімдіктен босаған шөлмектер шашылып жатыр. Соған қарағанда мас болған ересектер білгендерін істегендері көрініп тұр. Мұнан соң, бірі есікті кілттеп, өзі кетіп қалса керек. Ал іште қалып қойған азамат, терезден шығуды жөн санаған. Сөйтіп төсек жаймаларын бір-біріне байлап, төмен түспек болған.
Оқиға орнында жұмыс жасаған тәртіп сақшылары, куәгерлерден тиісті ақпарат алуға тырысты. Алдағы уақытта оқиғаның анық қанығы әлі анықталатын болады.