Әнші Қайрат Нұртас Жапонияда да өз тыңдармандарын жолықтырды. Бір қызығы – олар да қазақ тілін білетін болып шықты.
Видеода әншінің жүзінің ерекше бал-бұл жайнап тұрғаның аңғаруға болады. Алдымен «Ассалаумағалейкум» деп тыңдармандарымен амандық сұрасқан ол бірден жапондықтарды кезек-кезегімен сөзге тартты.
– Ассалаумағалейкүм, қазақ елі! Мен бүгін қатты қуанып отырмын, менің де Жапонияда тыңдармандарым бар екен. Таныстырып өтейін. Атыңыз?
– Ассалаумағалейкүм, Қазақстан! Менің атым Ю Кей. Танысқаныма қуаныштымын.
– Менің атым – Юнан.
– Менің атым Мю Цуки, мен қазақша жақсы білемін. Қазақ еліне бақыт, мықты денсаулық тілеймін. Елім – жапон, руым – Шапырашты, – деп әзілдеді жапон азаматы.