$ 444.22  476.38  4.82

Астаналық ТЖД тұрғындардан балаларды далаға шығармауын сұрады

Астана қаласы ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарына қатты аязға байланысты кеңестер берді.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті, Астана қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты осы жылдың 23-26 қаңтар аралығында қатты аяз күтілетінін ескертеді, түнде ауа температурасы -35-40 С, күндіз -27-32 С болады. Осыған байланысты төмендегі кеңестерге құлақ түріңіз:

«Мұқият болыңыз, ауа райының өзгеруі туралы ақпаратты жіті қадағалаңыз, ауа райына қарайлап киім киіңіз, қала сыртына мүмкіндігінше шықпауға тырысыңыз, аяз кезінде балаларды далаға шығармаңыз, жылыту пештері мен тұрмыстық жылыту құрылғыларын қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз», - делінген ТЖД таратқан хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары