$ 494.87  520.65  4.91

Кейкі батырды қайта жерлеуге 2 млрд теңге жұмсалған: Арқалық тұрғыны ақшаны тірілерге жұмсауын сұрады

Арқалық қаласының әкімі Амантай Балғариннің есеп беру жиынына келген жергілікті әйел қаланы дамытуға бөлінген қаражаттың оңды-солды шашылып, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп жатқанын айтты деп жазады informburo.kz.

Өзін халықтың атынан келдім деген Арқалық тұрғыны облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтен 2 млрд теңге сұрады. Бұл қаражатқа ол Арқалықты екінші Дубайға айналдырамын дейді.

«Арқалыққа өте көп қаржы бөлініп жатыр. Бұл өте жақсы! Бірақ, бұл ақшалар шенеуніктердің қалтасында кетпесе одан да жақсы болар еді. Кейкі батырды қайта жерлеуге 2 млрд теңге жұмсалды деп жатыр. Ал, ТБРУ (Торғай боксит кенін басқару) қаладан теріс айналды. Арқалықтың оларсыз жұмыс істеп тұрғанына көп болды. Жастар театрының жөндеуіне 675 миллион теңге бөлді. Бірақ, жөндеуден кейін де шатырынан су ағып тұр. Сіздер маған осы Арқалыққа бөлініп жатқан миллиардтарды беріңіздерші, мен қаланы екінші Дубайға айналдырамын! Мен ешкімді айыптамаймын, бірақ ақшаның желге ұшып жатқанын сеніммен айта аламын», - деді Арқалық тұрғыны.

Облыс әкімі болса әйелден қолында дәлел болған жайғдайда құқық қорғау органдарына барып шағымдануын сұрады. Ол сондай-ақ, Кейкі батырды қайта жерлегеннен кейін жергілікті тұрғындардың жолы мен су құбыры жөнделгенін, қаражаттың желге ұшпағанын да айтып өтті.

Ал, жастар театрының жөндеуіне шын мәнінде 675 миллион емес, 150 миллион теңге бөлінген екен. Сондықтан, Архимед Мұхамбетов жалған ақпарат таратқан тұрғынды сот арқылы жазаға тартуды ұсынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары