Билет тексеруші жұрт көзінше жолаушының абыройын төкті. Бұл туралы видео Instagram-парақшасындағы Kazakh_prikoly тобында жарияланды.
Жігіттің айтуынша, 2 мың теңге жүргізушіге берілген. Бірақ жүргізуші оны ұсата алмаған. Соған қарамастан билет тексеруші жолаушыға дауыс көтеріп, айқайға басады.
«Осы автобусқа міндің бе, міндеттісің жол ақысын төлеуге. Ақшаны беруін бердің. Майда тауып, енді жол ақысын төлеуге міндеттісің», – деп қыз бала жұрт алдында жігіттің абыройын төкті.
Көпшілік бұл оқиғаның Алматыда болғанын айтады. Себебі, ол қалаға осындай жағдай көптеп кездеседі екен.