Шамасы 20-30 жылдың алды болса керек, біздің жөспірім кезіміз болатын ҚХР Үрімші қаласының қала бастығы Жәкең ағамыз өз қызының қытай азаматқа күйеуге шығамын деген ұсынысын естійді. Қытай жігіт те үлкен шенеуніктің баласы екен. Өз баласын райынан қайтара алмаған әке той күнін белгілетеді.
Екі серкенің тойына дүниенің төріт бұрышынан кілең сорпа бетіне шығар мықтылар жиналады. Той басталады, бірде қытай ұлтының дәстүрімен қызбен- күйеу ата-анаға сәлем жасау жосынын өтейді Жәкең орнынан тұрып екі жасқа батасын беріп бетін сипайды, жастар ары бұрыла бергенде қыз әкесі қойнынан тапаншасын суырып алып көз ілеспес тездікпен қызының өкпе тұсынан тарс еткізеді. Дүр етіп орнынан көтерілген жұртта ес қалмайды жас мәйіт сұлап жатыр.
Қыз әкесі көзінен сорғалап тұрған жасын дәу алақанымен асықпай сипап қойып: «Құрметті қауым, бұл менің өз жанымнан да артық көретін қызым еді, бірақ ұлтымды оданда артықтау көремін, бұл нәзірге жайылған дастархан ауыз тиіп асықпай қайтыңдар, бұл бәріңе сабақ болсын. Егер бүгін осыған қолым бармаса, ертең Шинжаңдағы 2 милион қазақтың қызына ие болуға амалым да болмайды, деп шерлі әке есіктен шығып кете беріпті.
Бірақ бүгін 17 милион азаматы бар өз мемлекетімізден бірде бір сондай әкелермен басшылар шықпай ,20 қызды қытайға берсек, бұдан артық бұл елде қасірет те болмас.
Дереккөз: Qasym.kz