Ұлттық нақыштағы киімді киіп, топ ішінде ерсі қылық көрсеткен қыздар жұрттың ашуына тиді. Бойжеткендердің видеосын Instagram-парақшасындағы топтардың көбі жариялады.
Кадрда бойжеткендер жігіттермен еркекшораларша билеп жатады. Ұзын етекті көйлектегілердің бұл қылығы сырт көзге тым ерсі көрінеді.
Желі қолданушылары бұл видео наурыз мерекесі қарсаңында түсірілген деп болжап отыр. Көпшілік бұған дұрыс қадағалау жүргізбеген ұйымдастырушылар кінәлі деген пікірде.