$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте 40-тан астам адам балмұздақ жеп ауруханадан бір-ақ шықты

Шымкент тұрғындары жаппай ұшынып жатыр. Соңғы 2 күн ішінде жұқпалы аурулар емханасына 23 адам келіп түскен деп жазады Оtyrar.kz.

28 наурыз күні 3, ал 29-ы тағы 20 адам ауруханаға жеткізілген.

Науқастардың жасы – 5 және 18 аралығында. Бәріне жедел ішек инфекциясы диагнозы қойылды. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде 4 адам жатыр.

Ата-аналардың айтуынша, балмұздақ сататын дүкен «Қиял әлемі» саябағы маңында орналасқан. Аталмыш дүкен қазір жабық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары