Атырау соты алимент төлемегені үшін ер азаматты жүргізуші куәлігінен уақытша айырды, – деп жазады «Мой город» порталы.
2007 жылдың сот шешімі бойынша еркек баласына алимент төлеуі керек болған. Бірақ жауапты азамат бұл талапты осы күнге дейін орындамай келген. Жыл сайын жинала берген алимент көлемі 1 320 000 теңгеге дейін жетіпті.
Атырау қалалық ІІД-нің хабарлауынша, бұрынғы әйеліне қарызды төлеу үшін ер азамат ешқандай да әрекетін қарастырмаған. Осы ретте сот алимент төлемегені үшін оның жүргізуші куәлігіне шектеу қойған.