$ 443.44  480.51  4.88

Күйеуім суып барады: Жас келіншек ерлі-зайыптылардың арасын жақындататын тәсілдерді сұрады

2 жыл бұрын ғана отбасылы болған жас келіншек күйеуінің бұрынғыдай өзіне көңіл бөлмейтінін айтты. Өмірлік жарын шексіз сүйетінін жеткізген ол ерлі-зайыптылардың арасын жақындататын тәсілдерді білгісі келетінін жазады.

Жас келіншектің хаты Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшалардың бірінде жарияланған.

«Үйленгенімізге 2 жыл болды. Арамызда 1 бала бар. Күйеуім бұрын «күнім» деп еркелетуші еді. Ал қазір мүлдем басқаша. «Неге соңғы күндері өзгеріп жүрсің? Менен не қателік кетті?» деп өзіне де айттым. Жауап бермейді.

Ата-енеммен тұрамыз. Өте жақсы кісілер. Күйеуім азанда жұмысқа кетіп, кешке келеді. Сөйтіп, тамақ ішіп, достарымен көшеге шығып кетеді. Қанша кеш келсе де күтіп жатамын. Өзім емізулі анамын. Онсыз ұйықтай алмаймын. Оны қатты жақсы көремін. Ол болса, өтірік құшақтап, бетімнен сүйіп, «шаршадым, азанда оятарсың» деп ұйықтап қалады. Ерлі-зайыптылар сияқты емеспіз. Басқа қызбен кездесіп жүр ме екен деген күдік бар. Арамызды қалай жақындатсам болады?», – деп келіншек Instagram-парақшаларындағы топтардың біріне хат жолдады.

Әйелдер қауымы жас келінге мұндай жағдайлардың қалыпты әрі өткінші екенін түсіндірді. Сабырлық танытып, «күйеуіңе қабақ шытпай, шай-тамағын уақытылы бер» деп ақыл айтты.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары