$ 442.05  474.14  4.74

Науқас балаларға арналған қайырымдылық концертіне Дильназ Ахмадиева келмей қойды

Ақтөбе қаласында денсаулығында ақауы бар балаларға арналған қайырымдылық концертіне шақырылған әнші Дильнәз Ахмадиева келмей қалды. Залға лық толған науқас балалар әншіні күтумен болған.

Ахмадиева Ақтөбедегі бұрынғы филормония концерт залында өтетін қайырымдылық кешінде ән шырқауға келіскен екен. Алайда, ол кішкентай балаларға барудан бұрын қазақстандық банктердің бірінің жабық отырысына қатысып, кеш қонақтарының көңілін көтерумен айналысқан көрінеді. Сол жерде астан ұшынып, науқас балаларға барудан бас тартқан. Бұл туралы diapazon.kz порталы жазды.

Балалардан кешірім сұраған әнші концертке келесі жолы келуге сөз берген.

Концертке арнаулы мектепте білім алатын сал ауруына шалдыққан және үй жағдайында оқитын науқас 400 бала келген. Дильнәз Ахмадиева келмеген соң оның орнына шыққан «Сұңқар» вокалдық халық ансамблінің әртістері балалардың барынша көңілдерін көтеруге тырысыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары