$ 494.87  520.65  4.91

Танымал үнді артисі көшеде стриптиз көрсетті (ВИДЕО)

Үндістанның танымал артисі Срию Редди голливудтық «Me too» қозғалысына үн қосты. Бұл жоба қыздарды жалаңаш фотоға түсуге мәжбүрлейтін киноиндустрия саласындағыларға арналған деп жазады life.ru.

Срию Редди Толливудтың орталығында көйлегінен бастап, үстіндегі барлық киімін шешіп тастады. Тек кеудесін қолымен бүркеп, наразылығын білдірді. Артист бұны жасау оңайға соқпағанын айтады.

«Көшеде шешініп, отбасымды ұятқа қалдырып отырмын. Бірақ мен жеке өзімді ғана емес, мен сияқты қаншама қыздардың тағдырына алаңдағаным үшін осылай жасап отырмын. Оларды камера алдына режиссерлар шешінуге мәжбүрлейтінін халық білсе деймін. Осы үрдіс жойылса деймін», – деп Редди бойжеткендерге қолдау көрсетті.

Алайда, артист бұл әрекеті заңға қайшы келетіндіктен үндістандық полицейлер оны дереу тұтқындады.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары