Небәрі 20 жастағы бойжеткен жаны қыз баланы қалайтынын, тіпті бала күннен ажырамас досқа айналған құрбысына ғашық екенін айтты. Өзін басқалардан кем санайтын ол психикалық көмекке зәру екенін жазып, жұрттан ақыл сұрады.
«Жасым – 20-да. Бала күнімде бір балаға ғашық болғанмын. Бірақ ол балалық махаббат болған соң ба, тез ұмытылып кетті. Қазір өзімнің кішкентайдан бірге өскен құрбыма ессіз ғашықпын. Оның дәл қазір не ішіп-жеп, немен айналысып жатқаны мені қатты қызықтырады. Ол жанымда болса, өзімде өте жақсы сезінемін.
Мен сонда науқас боп қалдым ба? Психологқа баруға ұяламын. Бірақ қажет. Не істесем болады? Өте қатты ұяламын өзімнен. Тіпті жігіттермен де жүріп көрдім. Онымнан түк шықпады. Ер адамды қаламаймын», – деп ағынан жарылды бойжеткен Instagram-парақшасындағы топтардың бірінде.