$ 494.87  520.65  4.91

Қызылордалық келіншекті 100 келі салмағы үшін күйеуі тастап кетті

29 жастағы Қызылорда тұрғыны Жадыра Р. артық салмақпен күресіп жүр. Ол босанғаннан кейін ісіне бастапты. 100 келі болғанда күйеуі оны баламен қосып тастап кеткен. Жалғызбасты ана қазір ұлын өзі тәрбиелеп отыр және артық салмақтан құтылғысы келетінін Nur.kz порталына айтты.

«Бұрын арық едім. Күйеуім мені қуыршақ көретін. Бірақ босанғаннан кейін толып кеттім. Гармоннан деп айта алмаймын. Тамаққа деген тәбетім ашылып, спортты тастап кеткен едім. Салмақ қосып алғаным күйеуіме ұнамады. Тіптен бір-бірімізге төсекте жақындамай кеттік. Сол кезде енем маған ескерткен еді. Бір күні телефонынан менің атымды "шошқа" деп сақтап қойғанын көрдім. Сол кезде менен суып кеткенін түсіндім. Кейін мені тастады да, кетіп қалды», - деп мұңын шақты Жадыра.

Күйеуі ақшалай көмектесіп тұрғанымен, әйелін мүлдем көргісі келмейді екен. Бірақ Жадыра күйеуін әлі де сүйетінін айтады. Қазір ол өз-өзін қолға алыпты. Ендігіде артық салмақтан күйеуі үшін емес, әдемі болу үшін құтылғысы келеді. Ол қазақ қыздары күйеуге шыққан соң өз-өзін күтуден қалады дейді.

«Негізі қазақтар тұрмысқа шыққан соң өз-өзіне қарамай кетеді. Біздің анамыз, әжелеріміз диета ұстамаған. Сұлулық салонына да бармаған. Бірақ қазір 60 жаста болсаң да әдемі болып жүруің керек. Сол кезде ғана әйел бақытты болады. Қандай еркек болсын, ол өзінің қасынан әдемі және жетістікке жеткен әйелді көргісі келеді», - деп айтады Жадыра.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары