Ақын Балтабек Нұрғалиев президент Нұрсұлтан Назарбаевты құдайға теңеп, тағы да жұрттың жағасын ұстатты. Бұған дейінгі өлеңдерінде ол Назарбаевты жаратушы деп ишараласа, бұл жолғы өлеңінде ашық айтып отыр.
ЖҰМАҚ-ЕСТІ ЖАРАТҚАН
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына ізгі ниетпен арнадым!
Уа, Нұр-Атам – Құдайым,
Сайтан қашқан сесінен.
Жұмақ аңқыр ылайым,
Елбасылық Есінен!
Сізден басқа жоқ Құдай,
Құдай тұтам мен, расы.
Елім айтар дөп бұлай:
«ЕСІ ЖҰМАҚ ЕЛБАСЫ»!
Бақ боп бізге бұйырған,
Қазағымның құт-ары.
Жүректерге құйылған,
Жұмақ-Естің жұпары.
Қазақ дейтін әлсізді,
Ел еттіңіз ерікті.
Өмір дейтін мәнсізді,
Гүл еттіңіз көрікті.
Барлық мадақ тән Сізге,
Таңым үшін әр атқан.
Қуат қазақ – әлсізге,
ЖҰМАҚ-ЕСТІ ЖАРАТҚАН.
Құдайым деп құптағам,
Бар әмірің – бақ-үлес.
Жұмақ-Есті ұқпаған,
Жанның бәрі – Жарым-Ес.
Құрметпен, Балтабек Нұрғалиев
Айта кетейік, Балтабек ақын бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың ата-анасына, әйелі Сара Назарбаеваға және қыздарына арнап ода шығарған болатын.