$ 443.44  480.51  4.88

Мен бәрібір өзге ұлтқа тұрмысқа шығамын – Замира (ВИДЕО)

Еуразия бірінші арнасынан шығатын «Қалаулым» бағдарламасы арқылы танылған Замира Сұлтан жақында ғана жобадан шеттетілген еді. Көрермендерімен көз жасы көл боп қоштасқан келіншек бұл жолы бірінші арнадағы басқа бір бағдарламада бой көрсете бастады.

Ток-шоудың түсірілімінен кейін бағдарламаны жарнамалаған Замира көрермендерін жаңа қырынан танытып, қызықтырып қойды.

«Сөз сізде» бағдарламасында өзге ұлт жайлы тақырып қозғалды. Қазақ жігіттеріне тиіп кетсе кешірім сұраймын. Бірақ мен бәрібір өзге ұлтқа тұрмысқа шығамын», – деді Замира Сұлтан.

Айта кетейік, бұған дейін Замира Сұлтан «Қалаулым» бағдарламасында «Байдан қайтқандар» деген сөзге бола төбелес шығарған. Тіпті студияда отырған жігіттердің ар намысына тиетін сөздер айтып, балағаттаған.  

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары