Шығыс Қазақстан облысының Зырьян қаласында тырдай жалаңаш көше кезген әйел жергілікті тұрғындармен бірге ішкі істер органдарының да назарына ілікті деп жазады YK-news.kz.
Жалаңаш әйелді бейнекамераға түсіріп алған куәгерлердің айтуынша, оқиға 23 сәуір күні болған. Оның үстінде киім атаулыдан туфлиден өзге түк болмаған. Сондай-ақ, әйелдің сөмке асылып алғаны да видеокадрлардан анық көрінеді. Видео авторы оның мас болуы мүмкін екенін айтып отыр.
Қазіргі таңда аталған әйелді полицейлер іздестіріп жатыр. Егер тауып алса оған 5 АЕК көлемінде айыппұл салынуы немесе 10 тәулікке қамалуы мүмкін.