$ 447.4  477.55  4.76

Қазақ баласы шахматтан әлем чемпионы атанды

Қазақстандық оқушы Дінмұхаммед Төлендиев 7 жасқа дейінгі балалар арасында шахматтан әлем чемпионы атанды. Бұл туралы Жансая Әбдімәліктің шахмат академиясының сайты хабарлайды.

Дінмұхаммед тәжірибелі жаттықтырушы, Грузиядан келген халықаралық гроссмейстер Александр Кашашвилиден тәлім алады екен.

«Кеше тарихи оқиға болды. 8 кезеңнің нәтижесі бойынша, Димаш өз қарсыластарынан 1,5 ұпайға озып, топ жарды. Чемпионат барысында Дінмұхаммед қарсыластарын састырды. Нәтижесінде 7 жасқа дейінгі балалар арасында үздік деп танылды», – делінеді хамабрламада.

Сондай-ақ, бұл тарихи оқиға екені аталады. Себебі күні бүгінге дейін 7 жасқа дейінгі ұлдар арасында әлем чемпионы болған емес.

Дереккөз: Stan.kz 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары