03.05.2018, 06:07

Мұғалімдер 1 жылға 300 мың теңгемен жұмысқа тұрады – қоғам белсендісі

Қоғам белсендісі Азылзат Арыстанбек мұғалімдердің мектепке қомақты қаржы беріп жұмысқа орналасатынын айтты. Ұстаздар үшін бар болғаны жұмыс өтілі жүрсе болағаны дейді ол.  

Арыстанбек бұл жайттың нақты қай ауылда боп жатқанын айтпаған.

«Мектепке 300 мың беріп жұмысқа тұрады екен біреулер. Ол параның уақыты біткенде, орнына тағы біреу сондай ақшамен жұмысқа тұрып алады. Сондағы алатын айлығы 40-45 мың теңге. Енді есептеп көрейік, жылдың басында жұмысқа тұрсаңыз, оқу жылының соңына əупірімдеп жетіп жығыласыз. Сонда өзіңіз берген ақшаны ай сайын бөліп алып отырасыз. Сонда бұдан не пайда деймін ғой. Мұғалімнің жауабы: стаж жүреді, ауылда жұмысы бар деген мәртебе, тағы бір пайдасы несие алуға мүмкіндігі бар. Қызық логика. Менің миым жетпеді. Сіздер ше, түсіндіңіздер ме?», – деп ол оқырмандарының пікірін сұрады.