Былтыр Қайрат Нұртастың інісі Аян Айгерім есімді сұлуды ұзатып әкеп, дүркіретіп той еткізген болатын. Айдарбековтер отбасына түскен жас келін қазақша сөйлей алмай, көптің ызасына тиді.
Видеода дастархан басында тілек айтып тұрған Айгерім «мейрам» деген сөзді зорға айтып, кібіртіктейді.
Бұны көрген жұрт келінді ана тілін білмегені үшін айыптап жатыр.
«Жақсылап үйреніп алса қайтеді? Масқара. Ұят емес пе?», «Өнегелі. Инабатты отбасыға сын», «Жас келінді қазірден бастап қазақша сөйлеуге баулу керек. Жұлдыз сайрап тұр ғой қазақша», – деп жазды желі қолданушылары.