$ 444.22  476.38  4.82

«Шортыйың қысқа» дегенге ерегескен студент қыз тақтада тұрып шешініп тастады (ВИДЕО)

Латиша Чай есімді студент қыздың мінезі шатақ екен. Мұғалім оған «тым қысқа шортик киіпсің» деп ескерту жасап еді, анау мүлдем шешініп тастады. Сөйтіп университет аудиториясындағы баяндамасын жалаңаш күйі жалғастыра беріпті.

Бұл видео әлеуметтік желілерге тарап кетіп, ақыры мұғалім өз қылығы үшін кешірім сұрауға мәжбүр болды, деп жазады Medialeaks порталы.

Латиша Чай — Нью-Йорктегі Корнелл университетінің студенті. Университеттегі консервативті көзқарастағы ескі мұғалімдерге деген қарсылығын осылай білдірген.

Студенттер мен мұғалімнің алдында баяндама жасауға шыққан қыздың бұтында қысқа джинсі шортик болыпты. Мұны байқаған профессор Ребека Маггор «мұндай шортикпен дүйім жұрттың алдында сөз сөйлеген дұрыс емес», дегендей ескерту жасаған.

Ал Латиша болса білімнің киімге қатысын еш түсінбей, алдымен жылап жіберген. Сосын баяндамасын жалғастырып, шешіне бастаған.

Дереккөз: 365info.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары