17.05.2018, 09:37

Көзін ойып алған: Әкесі өзінен хабарсыз үйленбек болған баласын соқыр қып тастады (ФОТО)

Пәкістандық Абдул Баки қызына үйленуге ұсыныс жасамақ болады. Алайда бұны кеш естіген әкесі ұлын сабап, көзін қасықпен ойып алған деп жазады Life.ru.

Әкесі баласын сабай бастағанда анасы қарсылық көрсеткен. Алайда ер адам әйелін басқа бөлмеге қамап, кілттеп тастаған. Ал бауырларына көмектеспек болған інілерінің бірінің қолын әкесі лезбімен тілгілеген.

Отбасындағы жанжалды естіген көршілері полиция мен жедел-жәрдем шақыртқан. Әкесі мен екі бауыры тергеу абақтысына жеткізілді. Ал жігіт ауруханада. Дәрігерлер оның өмір бойы көру нығметінен айрылғанын айтып отыр.